Арай мөлтек ауданы Мәуелі көшесі жеке тұрғын үй секторының ауыз су желісі құрылысына 26,3 млн теңгеге 0,623 км ауыз су желісі, Сарысу көшесіне ауыз сумен қамтуға 26,2млн. теңгеге 1,3 км ауыз су желісі, Майлықұм көшесінің бойымен ауыз су желісінің құрылысы 62,4 млн.теңгеге 3,88 км жүргізілді. “Бәйтерек” ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді газбен жабдықтау және сумен жабдықтау желілерін салу жобасына 180,2 млн. теңге бөлінген. Жоба құны келісім шарт негізінде 427,5 млн.теңгені құрайды. РБ-дан жобаны аяқтауға 247,3 млн.теңге бөлінген жағдайда 18,5 км ауыз су және газ жүйесі 9,995 км атқарылады.
Электр желісі: Жас Алаш, Теректі, Сарысу көшелеріне электрмен жабдықтау құрылысына 39,1 млн. теңгеге 1,764 км, Белкөл кентіндегі Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелерінің электр желілерін жүргізуге 72,2 млн. теңгеге 4,4 км, Жас Алаш көшесіне электр желісін жүргізуге 57,0 млн.теңгеге 7,2 км тартылды.
2022 жылы басталған Қызылжарма аумағындағы 1,2,3 ауданында тас жол құрылысы (35 көшеге) жобасын аяқтауға Ұлттық қор есебінен 330,4 млн.теңге бөлініп 38,25 км тас төселінді.
Бөлім тарапынан салынып жатқан тұрғын кварталдардың инженерлік желілерін жүргізуге барлығы 3 млрд. 889 млн.теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда.
«Қорқыт Ата» әуежайының аумағын абаттандыру жұмыстарына 1 млрд. 986,3 млн. теңге бөлініп толықтай әуежайдың инженерлік жүйелері мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
«Жайлы мектеп» білім беру пилоттық ұлттық жобасы аясында қала аумағында салынып жатқан 5 мектептің абаттандыру ж»не жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге 1 млрд. 689,2 млн.теңге бөлініп жұмыстар күнделікті бақылауда.
Қаламызда тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілерін қайта жаңғыртуға 1 млрд. 525,7 млн теңге бөлінді. (ҰҚ – 642,1 млн.тг, , ОБ –163,3 млн. тг, қалалық бюджеттен 720,4 млн.теңге). Жоба құны 699,3 млн.теңгені құрайтын 2023 жылы басталған Универсам Шымбай аумағында сумен жабдықтау және су бұру желісін қайта жаңғырту жобасы аяқталып 8,0 км жүргізілді. Қызылорда қаласының орталық бөлігінің кәріз желілерін қайта жаңғырту жобасына 531,9 млн.теңге бөлінді. Жоба аясында 6,9 км кәріз желісі жаңғыртылады. Жоба 2025 жылы аяқталады. Қалалық бюджеттен Арай м/а, Әуезов көшесі, Жаппасбай батыр көшесі бойында орналасқан көтергіш сорғы станциясын салу құрылыстарына 270,4 млн.теңге, Титов аумағындағы жалпы қуаттылығы 1440 текше метр болатын 3 дана ұңғыма бұрғылау құрылысын салуға 265,4 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталатын болады.
«Газ тасымалдау жүйесін дамыту»бағдарламасы шеңберінде Сабалақ елді мекеніне орамішілік газ желісі және ШГРП құрылысы, 1-шіжәне 2-ші іске қосу кешені, жеткізуші газ құбырын салу құрылыс жұмыстарын бастауға жобаның 10 пайыз қаржысы 319,5 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүруде. Жобаны аяқтауға энергетика басқармасына бюджеттік өтінім толықтай жолданды. Қызылорда қаласында орамішілік газ құбырлары желісін салу (ақ дақтар). Гагарин, Титов, СПМК-70, Арай, КБИ, Сәулет, Саяхат, Бәйтерек, Орталық, және Шұғыла шағын аудандарындағы газ құбырлары жүргізілмеген көшелерге газ тартуға 200,0 млн.теңге бөлініп мердігер анықталды. Қалаға қарасты елді мекендерден Қызылөзек е/м газ жүйесі тартылмаған, осы орайда газ жүйесін тартуға 500,0 мың теңге бөлініп жобалаушы мекеме анықталды. Алдағы қалалық сессиядан 22,8 млн.теңге сұратылатын болады.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 261,2 млн. теңге Ақсуат, Қосшыңырау ауылдық округіне қатысты Досан елді мекені, Қызылжарма, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарына электр тарату жұмыстарын бастауға қаржы республикалық бюджеттен бөлінді.