Студенттер сарайында Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығының 10 жылдығына арналған «Шағын және орта бизнесті қолдау: қаржы құралдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда облысымнн қаласының кәсіпкерлері, мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алғы сөзді өңірлік инвестициялық орталығының директоры Т.Матаев ашып, орталықтың қаржы нарығындағы үлесі жөнінде айтып өтті. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Л.Темірова елдегі микроқаржы секторының дамуы бойынша баяндап берді.

Сонан соң, кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздық шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы, ал, өңірлік «Аграрлық несие корпорациясы» мен «Даму» қорының басшылары кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары мен бағдарламаларына тоқталды.л

Сонымен бірге, университет профессоры А.Наурызбаев жиналған қауымға киберқауіпсіздік бойынша қажетті ақпарат беріп, басқа да қатысушылардың баяндамалары оқылды.

Жиын барысында қатысушылар пікір-алмасу форматында өздерін қызықтыратын сауалдарына жауап алып, осы сынды шаралардың тұрақты түрде өтіп тұруына ұсыныс білдірді.

БӨЛІСУ