«Таза Қазақстан» жобасы негізінде «AMANAT» партиясының белсенділері «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты.
Партияның Қызылорда қалалық филиалымен ұйымдастырылған тазалық жұмыстары «Тұңғыш Президент саябағында» өтті.
Сенбілік жұмыстарына депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымының өкілдері және «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Шара барысында қураған жапырақтар мен талдар жиналып, саябақтың ішкі жолдары тазартылды.
Партияның қалалық филиалының «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрайымы Бейбіткүл Кәрімова: Жыл басынан тазалық жұмыстарын барша партияластар болып абыроймен атқарып келеміз. Тазалық ең алдымен жергілікті азаматтарға, осы қаланың тұрғындарына қажет. Өздеріңізге белгілі, шаһарымыз еліміздегі ең таза қалалардың бірі. Сондықтан, аталмыш акция азаматтардың экологиялық шараларға деген белсенділігін арттырып, айналаны таза ұстауға жол ашатыны анық,-деді.
Жиында партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева тазалық жұмыстарына атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.