Кабира Асқарова – пауэрлифтингтен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол – мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пауэрлифтингтен бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, Халықаралық турнирдің бірнеше мәрте, Паралимпиадалық Азия ойындарының қола, Параазия чемпионатының күміс және Әлем кубогының күміс жүлдегері.

Осынша олжа салу үшін ол ерік-жігерін қайрап, қаншама тер төкті. Он екі мүшесі сау адамның өзі бағындыра алмаған асу үшін қайсар қыз намысын жанып, жалын атқан жүрегіне сенім ұялатып, жеңіске деген жігерін сарқа жұмсады. Міне, мықтылық!
Кабира жастарды жалқаулықтан арылып, намысқа тырысып, ел абыройын асқақтатуға аянбай еңбектену керек дейді. Айтса айтқандай, қара күш иесінің ісінен, ірілігінен өскелең ұрпақ үлгі алып, биік белестерді бағындыруға бекем байлам жасағаны керек. Сонда ғана спорттың серпілісі арта бастайды.

Бүгінде Кабира Кеңесбекқызы спорт саласында 20 жылдық тәжірибесі бар саңлақтың бірі. Қазір ол Қызылорда қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне қарасты Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубында мүмкіндігі шектеулі жандарға пара-пауэрлифтингтен бапкер. Білікті бапкер жастардың спортты сүюін насихаттап, ел намысын қорғауға үйретіп келеді. Оның әрбір әрекеті елдікке шақырады, ерлікке үндейді.

Халықтың әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы қала тұрғындарын қолдау мақсатында әр ай сайын аз қамтылған, көп балалы отбасындағы балаларға және қала жастарын қол жетімді спорт инфрақұрылымымен қамту бойынша қаражат бөлініп «Евразия» спорт кешеніне (жүзу  бассейні) және «Мұз айдыны» (мұзға сырғанау) спорт кешендеріне барлығы 17 600 жолдамалар (бір реттік талондар) беріледі.

Бөлім тарапынан бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес дене шынықтыру мекемелерімен, спорт мектептері және спорт клубтарымен бірлесіп 2024 жылдың 9айында 137 спорттық іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 10 спортшы қамтылды.

Қызылорда қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне қарасты «Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клуб» КММ-сі, спорт клубқа қаралған қаржы көлемі 106 млн 460мың теңге. Спорт клубта спорттың 13 түрінен (еркін күрес, дзюдо, таеквандо, қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсу, каратэ-до, бокс, панкратион, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, президенттік көпсайыс, футбол)үйірмелер ұйымдастырылып, 1396 қала тұрғындары шұғылданады.

БӨЛІСУ