Бүгін Оқушылар үйінде нашақорлыққа қарсы бір айлық акция аясында «Жат қылықтан алыс болшы жас ұрпақ» атты аудан жастарымен еркін форматта кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, аудандық прокуратураның прокуроры Әділжан Оразғали, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мәулен Өсер, аудандық аурхананың психологы Бақыт Доспанов, аудандық отбасын қолдау орталығының психологы Ақмарал Темірбек, Наркескен спорт клубының гір спортынан жаттықтырушысы Абдулхасан Сейтенов, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асхат Ахметжамиев, кент орталығындағы мектептің жоғары сынып оқушылары және колледж студенттері қатысты.

Кездесуге қатысушы қонақтар ауданда нашақорлықтың, лудоманияның, жастар арасында кеңінен тараған смартфондағы қауіпті ойындардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жас ұрпақты жат қылықтардан аулақ болуға шақырды.

Шара барысында тақырыпқа сай әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, түрлі тренингтер жүргізіліпі, кездесуге қатысушылар қонақтарға өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

БӨЛІСУ