Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтып, ауданда мұндай жағдайға жол бермес үшін мәселені тұрақты бақылауға алып, алдағы жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алуға дайын болу қажет екендігін атап өтті.
2023 – 2024 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторларда сегіз өрт оқиғасы тіркелген. Өрт оқиғасының негізгі себептері жылыту пештерін дұрыс пайдаланбау және электр желілерінің тұйықталу салдарынан орын алған.
Аудан басшысы мәселеге қатысты кез келген жағдайдың алдын алу үшін оның салдарымен күресу жөнінде жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Артынша аймақта өткен жиында көтерілген екінші мәселе халықты бірінші кезекте дәрі-дәрмекпен мерзімінде қамтамасыз ету бойынша сөз сабақтап, оның қолжетімділігі жөнінде жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.
– Халықты бірінші кезектегі дәрі-дәрмекпен мерзімінде қамтамасыз ету және әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және мүгедектігі бар отбасыларға тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тапшылығын болдырмау шараларын басты назарда ұстау қажет. Тегін берілетін дәрілік заттар тұрғындар үшін қолжетімді және адрес бойынша берілуі тиіс. Қызметкерлердің жұмысын қатаң бақылауға алып, дәрілік заттар ең алдымен шалғай елді мекендерге жеткізілуін үйлестіру маңызды. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсетілуі керек, – деді аудан әкімі А.Сақыпұлы.
Сондай-ақ халыққа сапалы қызмет көрсетуде кейбір медициналық бекеттердің жағдайы сын көтермейтіндігін ортаға салып, осы мәселені шешу жолында жан-жақты мүмкіндіктерді қарастырып, тиісті мамандар тарапынан ұсыныс енгізу керектігі жөнінде атап өтті.
Жиын соңында көтерілген мәселенің қай-қайсысы да әлеуметтік жағынан маңызды екенін айтып, салалар бойынша кемшіліктерге жол бермеу жөнінде бірқатар жауапты азаматтарға міндеттемелер жүктеді.