Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы партия алаңында кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауда «Аяулым» ШҚ төрағасы «Дүтбай» көліне электр желісінің бағаналарын тарту және шлюз орнату туралы құжаттарын әзірлегенін, жобалық жұмыстар мен сараптамалар жүргізілгенін айтып, жұмыстардың басталуы бойынша кеңес сұрады.
Басқарма басшысы Серік Сермағамбетов электр желісін тарту бойынша құзырлы басқармаға құжаттарды өткізсе, зерттеу нәтижесімен тиісті мекемелерден қорытындылар алып, өтініш иесіне жауап берілетінін, жер актісін алса шлюз салу жұмыстары бойынша бюджетке енгізу үшін жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді.
Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық тақырыпта аталған мәселелерді оңтайлы шешу бойынша құзырлы мекемелерге байланысқа шығып, ұсыныс білдірілді.
Келесі қайырымдылық концертін ұйымдастыруда қолдау білдіру туралы өтініш бойынша көмек көрсету мүмкіндіктері қаралатыны айтылып, өтініш иесіне қосымша хабар берілетіні түсіндірілді.