Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістен кейін шаһар басшысы Нұржан Ахатов жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігінің алдын алу бағытындағы шараларды күшейту бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жалпы, жыл басынан бері 10 айда Қызылорда қаласының аумағында 135 өрт оқиғасы тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 15 пайызға азайған. Өрттің шығу себептерінің басым бөлігі электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан және ашық от салдарынан орын алған. Осы ретте, қала әкімі Нұржан Сәбитұлы жеке сектордағы үйлерге жіті тексерулер жүргізіп, газ тұтынушыларға күнделікті түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды міндеттеді.

Сонымен қатар, ел Президентінің, Үкімет басшысының қолдауымен және облыс әкімінің үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан игілікті бастамаларды сапалы орындауды тапсырды.

БӨЛІСУ