Қызылорда облысында қоймалардың қуаты азық-түлік бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді.

  Қызылорда облысындағы «Жан Арай» аграрлық-индустриялық кешені күріш өсірумен және өңдеумен, құрама жем өндірумен, жемістер мен көкөністерді өңдеп, сақтаумен айналысады. Маусымаралық кезеңде ӘМАТ бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорын заманауи қоймалар мен мұздатқыш камералардың қуатын кеңейтеді.

«Біздегі жемістер мен көкөністерді сақтауға арналған заманауи мұздатқыш камералардың сыйымдылығы 4 мың тоннаға жетеді.  Сақтау орнына кіргізбес бұрын өнімдерді сұрыптаймыз, біздің сұрыптау залдарының сыйымдылығы шамамен 5 мың тонна өнімді құрайды. Жобаның жалпы құны – 1 млрд теңгеден астам, оны іске асыруға біз өз қаражатымызды салдық, сондай-ақ Аграрлық несие корпорациясының да қаржсысын алдық. Сонымен қатар екі мультимедиялық мұздатқыш және 10 млн тонналық азық-түлік сақтау залы бар. Біздегі қор өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін пайдаланылады, біз оларды үнемі толықтырып отырамыз», — деп атап өтті «Жан Арай» ЖШС құрылтайшысы Бақдәулет Махашов.

БӨЛІСУ