Қызылорда облысында «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
“Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында полиция қызметкерлері ақпараттық жүйені қолдана отырып, интернет-алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша бұрын жасалған қылмыстық істерді ашу бойынша шаралар қабылдауда. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2024 жылдың 12-14 қараша аралығында облыс аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шараның мақсаты – интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу.
Сондай-ақ, зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау болып табылады.
Қазіргі таңда елімізде еліміздің кейбір тұрғындары ғаламтор арқылы пайда табу мақсатында, халықтың сеніміне кіріп, алаяқтық тәсілмен ақша жымқыруда.
Осыған орай облыс тұрғындарын сақ болуға шақырамыз. Қылмыстың осы түрін азайту және болдырмау мақсатында тұрғындарды қырағы әрі мұқият болуға шақырамыз.