Елімізде Қазақстан корейлерінің қауымдастығы бар. Корей мәдени орталықтары мен Корей театры жұмыс істейді. Сондай-ақ, корей тілінде газет шығады. Корей этностары көптеген салада табысты еңбек етуде. Олардың ел экономикасын өркендетуге қосып жатқан үлесі зор. Қазақстанда тұратын корейлер екі елдің қарым-қатынасын дамытуға да белсенді атсалысып жүр.

Осыдан 35 жыл бұрын Қызылорда қаласында корей этномәдени бірлестігі құрылып, Сыр өңірінде тоғыз мыңға жуық корей этносы өкілдерінің басын біріктірді. Соның ішінде Корей орталығында 161 мүше бар.
Осы ретте орталықтың 35 жылдығын атап өту жоспарын талқылау мақсатында облыстық қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов пен “Қазақстан корейлерінің қауымдастығы” өңірлік филиалының төрағасы Елена Ан кездесті.
Айта кететіні, 35 жылдыққа арналған салтанатты іс-шара 7 желтоқсанда өтеді деп жоспарлануда. Оған Алматыдағы республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық театры келіп, қатысады. Фотосессия мен фотосушка, кәсіпкерлер көрмесі, шығармашылық және концерттік бағдарлама ұйымдастырылады деп күтілуде.

БӨЛІСУ