Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылдың 23 қазанындағы №127 шешіміне сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы құрылды.
Депутаттық топтың негізгі мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын іске асыруға, қазақстандық патриотизм, азаматтық теңдік қағидаттары негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі саясатты әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында атап өткен «Біз әр түрліміз, бірақ біз теңбіз» және «әртүрліліктегі бірлік» қағидаттарына белсенді қатысу болып табылады.
Осы ретте өңірлік ҚХА депутаттық топ жетекшісі Мақсұт Нәлібаев Достық үйіне келіп, облыстық қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камаловпен жүздесіп, алдағы атқарылар жұмыс жоспарын талқылады.