ҚХА Аналар кеңесінің 10 жылдығына орай, 7-8 қараша күндері Астана қаласы Достық үйінде ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде.

Іс-шараға еліміздің әр өңірінен өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрағалары және мүшелері шақырылды.
Форумның бірінші күні Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи модераторлығымен өткізілді. Аналар кеңесінің “Салауатты сана” жобасының 5 кеселге қарсы күрес бағыттарында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ә.Ш. Молдиманованың «Дәріханаларда құрамында тәуелділік тудыратын заттары бар дәрілік заттардың сатылуына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру шаралары» туралы, Н.З. Жильгелдинаның «Қайтыс болғаннан кейінгі ағзалардың донорлығы», М.Орысбаваның «Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыру мен жүргізудің маңызы» бойынша,
Оқу ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие тұжырымдамасын» іске асырудағы Аналар кеңесінің рөлі, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдерінің “Қоғамдағы әлеуметтік кеселдермен күресудегі заңнамалық негіздері” тақырыптарында баяндамалары тыңдалды.
Әр спикердің баяндамасынан соң қатысушылардан сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Өңірлік аналар өз ұсыныстарын білдіріп, ойларын ортаға салды.
Форумға Қызылорда облысынан ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева қатысты. Он облыстың ішінен алғашқы бестікте азамат тәрбиелеген отбасыларын қолдау бағытында тиімді жұмысы үшін Қызылорда облысы Аналар кеңесіне “Ұлағатты қоғам” номинациясы табысталды.

БӨЛІСУ