Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құндылықтарды қалыптастыруда күнделікті оқу-тәрбие процесінде атқарылатын іс-шаралар белгіленген. «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» шаралары үзіліс уақытында оқушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастырудың бір формасы ретінде жүйелі және кешенді жұмыс түрінде ұйымдастырылып келеді.
Осы орайда облыстық тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы мектеп оқушылары арасында ұлттық ойын ләңгі тебуден «LANGI FEST» облыстық сайысын өткізді. Дене тәрбиесі және ұлттық спорт түрлерімен тұрақты шұғылдану арқылы жас жеткіншектер бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау мақсатындағы сайыстың ашылу салтанатына басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы қатысып, ұлттық спорттың салт-дәстүріміздің ажырамас бөлігі екендігіне тоқталып, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, «LANGI FEST» сайысы 3 кезеңді қамтып, мектепішілік іріктеуге 20 мыңға жуық оқушы, аймақтық іріктеуге 2480, аудандық, қалалық іріктеу жарыстарына 1924 оқушы қатысып, облыстық кезеңге 40 оқушы жолдама алған болатын.