Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданы әкімдігіне және және аудандық білім, мәдениет, спорт бөлімдеріне бағынысты мекемелердің басшылары мен мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарына, сондай-ақ ауыл әкімдеріне Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңның нормаларын түсіндіру мақсатында көшпелі семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының мамандары қатысушыларға 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң мен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қағидалардың нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік жауапкершіліктерді түсіндіріп, мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңалықтармен де таныстырды.
Шара соңы қатысушылардың сұрақ-жауап алмасуымен жалғасын тауып, олар түрлі тақырыптарда өз сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.