Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевпен республика көлемінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланған болатын.
Аталған акция аясында жыл көлемінде жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді.
«Таза аула», «Таза көше», Таза мөлтек аудан» байқаулары өткізіліп, қазірдің өзінде аудан орталығынан күзгі ағаш егуге 6,6 гектар жер дайындалып, 3200 түп тал егу жұмыстары басталды.
Аудан орталығындағы №47 М.Ломоносов атындағы мектеп лицейінде мектеп оқушылары босаған қоқыс қалдықтарын қайта пайдалану арқылы түрлі ұлттық бұйымдар мен робототехника жабдықтарын дайындап қайта өмір сыйлауда.
Осы бағытта жасаған жұмыстарымен мектептің 6 оқушысы аймақтық жарыста жеңімпаз атанып, Астана қаласында өткен роботбаттл сайысына қатысып алғыс хатпен марапатталды.