Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Асыл мұра – орда» қоғамдық қорымен бірлесіп, Тәуелсіз мемлекетіміздің бірінші «Халық қаһарманы», Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, алғашқы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың және Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, «Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өткізді.
Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, БАҚ өкілдері, жастар қатысты.
Конференция аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Дастан Яхияұлы «Қазақ батырлары және кеңестік пропаганда» тақырыбында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы «Соғыс жылдары Сыр елінен мобилизацияланғандар» тақырыбында, Келесі сөз кезегі облыстық мәслихат депутаты, Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Сағадат Нұрмағамбетов қорының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірбаяны және ерлік істері туралы деректері туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Абуова Рахия Әбіләшқызы «Ешқашан батырмын деп жар салмаған…» тақырыбында және Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Ізтелеуова Айгүл Серікбайқызы «Рақымжан Қошқарбаев туралы тың деректер» тақырыптарында баяндама оқыды.
Конференцияда қос батырдың есімдері ұлықталды, ерлік істері айтылды.
Конференция соңында мәдениет, өнер саласындағы халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Елжан Берістенбаев «Қазақстан» және «Атамекен» патриоттық әндерін орындады.
Конференция жұмысы естелік суретке түсумен қорытындыланды.