Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжіліс отрысынан кейін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков су тасқыны кезеңіне дайындық барысын пысықтап, аудандағы қатты қалдықтарды басқару тақырыбында жиын өткізді.

Жиында аудан әкімі «Шиелі сушар» өндірістік учаскесі басшысының міндетін атқарушы Нұрғали Исабайұлына және Шиелі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Бағлан Бөлешұлы су деңгейі көтерілген жағдайда қабылданатын іс-шараларды пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ, Жөлек ауылдық округі «Жөлек-Жуантөбе» автожолы тұсындағы Сырдария өзенінің сол жағалау учаскесін демеушілік есебінен жасақталып жатқан қорғаныс бөгетінің жайын зерделеу керектігін айтты.

Келесі кезекті аудан әкімі ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару турасында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Аманжоловқа Шиелі кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды залалсыздандыру орны саналатын «Сасқұм» полигоны жанынан сұрыптау кешенін салу жөніндегі жұмыстардың барысын қадағалауды тапсырды.

Жоба құны – 254,5 млн теңге. Қазіргі таңда жауапкершілігі шектеулі серіктестік тарапынан қажетті құжаттар әзірленіп, өнеркәсіпті дамыту қоры тарапынан тексерудің қорытысын күтуде.

БӨЛІСУ