Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Тереңөзек кентінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны құрылысын салуға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев маңызды жобаның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Мердігер мекеме «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-нің өкілі атқарылып жатқан жұмыстарды атап көрсетті. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жер түзету, карталарды қазу, сұрыптау кешенінің қабырғалары тұрғызылып шатырын жабу жұмыстары аяқталып, сұрыптау кешенінің ішкі құрал-жабдықтары толық орналтылған. Полигонды қоршау, қарталарға апарар жолдардың жұмыстары да толық аяқталған. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
«Қызылорда – Жалағаш» автожолының бойында орналасқан нысанның маңыздылығына тоқталған аудан әкімі құрылыс сапасына мән берді. Құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытылы аяқтауды ескертіп, кемшіліктерін жедел түрде қалпына келтіруді атады. Салалық орынбасарына қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі