«AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңес отырысы өтті. Онда Ақтөбе облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жағдайы және партияның 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.

Кеңес отырысына өңірден партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев, кеңес мүшелері мен партиялық бақылау инспекторы қатысты.

Жалпы күн тәртібіндегі мәселе өзекті. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша барлық аймақтардың жауапты мамандары Кеңес алаңында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп келеді. Сыбайластықпен күрес ортақ міндет десек, Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру, халық алдындағы уәдені орындау.

Жиын барысында жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныстар ортаға саланып, шешу жолдары қарастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлаc жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсендіа заматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм жәнес ыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ. Талай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс.

БӨЛІСУ