Қараша басталғалы күн райы сәт сайын құбылып, қыстың табы сезіле түсуде. Бүгін әсіресе желді бұрқасын тұрып, қара жер төсін шымырлатып шық түсті. Табиғаттың тосын мінезі нендей қиқар танытатынын болжап білу қиын. Сондықтан төтенше жағдайдың қай түріне болсын тас-түйін дайын болған абзал.

Бүгін сол қатулы қыс мезгіліне дайындық мәселесін пысықтау мақсатында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Б. Әбдіқадіров Арал ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің су тасқыны мен қысқы мезгілге дайындығын тексерді.

«ҚазАвтоЖол» ЖШС-нің Қызылорда облысы бойынша филиалы №49 жол пайдалану бөлімшесінде өткен тексеру барысында азаматтық қорғау күштері мен түрлі техникалық құралдарының дайындығы, инертті материалдарының әзірлігі, эвакуациялық жинақтау және қабылдау пунктерінің дайындығы қаралды.

БӨЛІСУ