2024 жылдың қорытындысы бойынша 300 мыңнан астам адам газға қол жеткізе алады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандыру деңгейін 61,8% жеткізу жоспарлануда, бұл 369 мыңнан астам адамды немесе 140 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деңгей 60%-ға жетті немесе 20 млн адамның 12 млн адамы газбен жабдықтауға қол жеткізе алады).
2025 жылға газдандыру деңгейін 62,1% жеткізу жоспарланған, бұл 55 мыңнан астам адамды немесе 21 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етеді.
Бүгінде Қызылорда облысындағы 4 қала және 35 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылған. Өткен жылы 26 газдандыру жобасын жүзеге асыруға 9,2 млрд. теңге қаржы қаралып, жұмыс атқарылды.
2023 жылдың қорытындысымен 11 елді мекен «көгілдір отынға» қосылып, тұрғындарды қамту үлесі 75 пайызға жетті.
Биылға республикалық бюджеттен облыс аумағындағы газдандыру жобаларын жүзеге асыруға 4,1 млрд. теңге қаржы қаралған.
Осылайша 2024 жылдың соңында газдандыру деңгейі 78 пайызға жеткізіледі деп күтілуде.