Бейнеконференция байланысы арқылы «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық Партиялық бақылау комитетінің жоспарлы отырысы өтті.

Оған біздің өңірден партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Өтегенов, Білім басқармасы басшысының орынбасары Ділдә Момбек, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Қызылорда облысы бойынш жобаның өңірлік басшысы Нұрлан Абдулаев, партиялық бақылау инспекторы Базара Танбаева қатысты.

Онда шағын қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы мектептерді жаңғыртуды қамтамасыз етудегі партия мүшелері – орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қызметі, атап айтсақ «АМАNАТ» партиясының Сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасын іске асыруда жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін креативті индустрияны дамыту негізі ретінде жаңа ірі нысандарды ашуға қатысты (оқушыларға арналған сарайлар, жас техниктерге арналған стансалар, балалар технопарктері, музыка және өнер мектептері және т.б.)» мәселе қаралды.

БӨЛІСУ