Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен «Есірткі қылмыстарының алдын алу» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлім және мекеме басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, сондай-ақ селекторлық режимде кент, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен іс-шараларын анықтау мәселесі қаралды.

Аудан басшысы Бас Прокуратураның бастамасымен облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында ауданда нашақорлықтың алдын алу, есірткімен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Жиын барысында аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов бірқатар нақты ұсыныстарын жеткізе отырып, халық арасында қылмыстылыққа қарсы иммунитетті нығайту қажеттілігін атап өтті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға есірткі қылмыстарымен күресті күшейту және халықты ақпараттандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

БӨЛІСУ