Бүгін аудандық мәдениет үйінде ақын, ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Нәзікбаев Дастан Мырзабекұлының «Уақыт — әділ төреші» атты жаңа кітабының тұсаукесері және оның құрметті зейнетке шығару рәсімі өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы қатысып, ақынның өнегелі өмір жолы мен білім саласының дамуына қосқан сүбелі үлесін атап өтті. Ол жаңа кітабының тұсаукесерімен құттықтап, Қармақшы ауданының ең жоғарғы наградасы «Құрмет грамотасымен» марапаттап, қазақы дәстүрге сәйкес иығына шапан жауып, ерекше сый-құрмет көрсетті.

Мерекелік шараға келген қонақтар сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдіріп, жаңа кітаптың тұсауын кесті. Сонымен қатар, аудан өнерпаздары ақын шығармаларын орындап, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, Дастан Мырзабекұлының бұған дейін «Ойтүрткі», «Жаңажол жырлары» , «Жүректен тамған тамшылар», «Қырғауылдың қайғысы», «Анам жайлы аңыз» атты кітаптары мен жыр жинақтары жарық көрген болатын.

БӨЛІСУ