Бүгін Қазалы ауданында жаппай сенбілік жұмыстары мен күзгі тал егу акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту-көгалдандыру, яғни жасыл желекке айналдыру. Осы мақсатта аудан орталығындағы Рәміздер алаңының аумағына 100 түп үйеңкі талы отырғызылды.
Кент келбетінің көркеюіне бастайтын берекелі бастаманы ардагерлер, аудандағы барлық мекеме, ұжым қызметкерлері мен аудан жастары күзгі тал егу акциясына белсенді қатысты.
Жалпы, көшетті көбіне көктемде отырғызады, десе де, оған көп күтім керек екен. Ал, күзде отырғызылған шыбықтар еккеннен кейін тамыр жайып, тез өнеді. Олар көп күтімді қажет етпейді. Тек отырғызар алдында ережелеріне мұқият мән берген абзал. Артық бұтақтарын қырқу, суды мөлшермен құю секілді жұмыстарға қадағалау керек.
Ал, аудан көлеміндегі ұйымдастырылған жаппай сенбілік жұмыстары барысында аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі орталық және шеткі көшелер бей-берекетсіз шашылған қоқыстардан, жапырақтардан тазартылды.