Қызылорда қаласында «AMANAT» партиясының бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен ауыл әкімдерінің форумы өтті.
Жиынға «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Ұлттық экономика министрлігі өңірлік даму департаментінің директоры Нұрлан Мақсұтов, барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық мәслихат төрағасы мен депутаттары, басқарма, департамент және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Форумда аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Президенттің, Үкіметтің қолдауының арқасында облыс бюджеті биыл 744 млрд. теңгеден асқанын айтып, Сыр елінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Басқосуда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбетке Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Алғыс хаты» табысталды.
Мұнан бөлек бірқатар сала басшылары мен аудан әкімдері марапат төрінен көрінді.