Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің түстен кейінгі халықпен кездесулері аудан орталығынан шалғай орналасқан Бозкөл, Тасарық және Кәукей ауылдық округтеріне жалғасты.

Тұрғындармен өткен кездесулерде аудан әкімі алдымен елді мекендердің тұрғындарына үстіміздегі жылдың 9 айында ауданда атқарылған жұмыстардың жайын баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ елде жасалып жатқан жұмыстардың барлығы аудан халқының ауызбіршілігінің арқасында жасалып жатқандығын айтып өтті.

Үш ауылда да өткен кездесулерде тұрғындар ішкі көшелерді асфальттау мен жарықтандыру, электр желілерін қайта жаңғырту, бірқатар көшелерге атау беру және спорт кешенін салу сынды мәселелерді көтерді.

Аудан басшысы айтылған әрбір сауалдар мен ұсыныстарға жеке-жеке жауап беріп, бірқатар мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар ауылдарда өткен кездесулерден кейін жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындармен де қабылдау өткізді.

Халықпен кездесулерден кейін аудан басшысы округтердегі барлық әлеуметтік нысандарды аралап, жылу берілу барысын қадағалап шықты.

БӨЛІСУ