«Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Ағымдағы жылдың қараша айының 5 – 9 күндері аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру болып табылады.
Айыппұлды заңда қарастырылған мерзімде 50 пайыз жеңілдікпен жеті тәулікте төлеуге немесе бір ай мерзімнен кешіктермей төлеулеріңізді сұраймыз.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.
Айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылуда. Сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша бүгін де біршама шектеу жұмыстары жүргізіледі, яғни шет елдерге шығуға шектеу қою, жеке шоттарына, мүліктеріне шектеу қою сияқты. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады. Осы тұрғыда айыппұлды заңда қарастырылған мерзімде 50 пайыз жеңілдікпен жеті тәулікте төлеуге немесе бір ай мерзімнен кешіктермей төлеулеріңізді сұраймыз.
Сонымен қатар, айыппұлдарды мынадай әдіспен тексеріп төлей аласыздар,Egov.KZ электрондық үкімет порталы арқылы,екінші деңгейлі банктердің кассаларында және банктердің интернет сайтында. Сондай-ақ, айыппұлды смартфонға жүктелген екінші деңгейлі банктердің Kaspi kz,qamqor.qov.kz Egov kz қосымшалары арқылы төлеуге болатындығын хабарлаймыз.
Қазалы ауданының полиция бөлімі