Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Сауда, қызмет көрсету және туризм мен АӨК салалық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.
Жиынға Палата директоры П.Сыздық, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Б.Нұрқожаев, мемлекеттік орган өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы тақырып – «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков айтып өтті. Сондай-ақ ол кез-келген мемлекеттік немесе құзырлы органдардан қысым көрген кәсіпкерлді департамент тарапы әрқашан қолдауға дайын екендігін жеткізді.
Сонымен бірге, «Фитосанитария» РМК ШЖҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Жаннат Дүзелбаева Фитосанитариялық бақылау жөнінде түсіндірме жүргізді. Фитосанитариялық бақылау зертханасы ашылуының басты мақсаты халық тұтынатын өнімдердің құрамындағы нейтраттарды анықтау болмақ. Осы ретте, қала базарларындағы өнімдерді тексеру арқылы тұрғындарға сапалы тауар ұсыну.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Б.Нұрқожаевбұл жөнінде өз ойын білдірді. «Базарда отырған кәсіпкерлерге өнім сырттан келері анық, осыған орай, зертханалық тексерулер ең алдымен осы шет аймақтарға қойылса. Себебі, құрамы тексерілмей немесе толық тексерілмей өткен азық-түлік тауарларына бірінші кезекте осы кедендік бақылау жауапты болуы тиіс. Тіпті, өнім өз еліміздің басқа қаласынан келетін болса да алдымен осындай бақылау болғаны жөн. Сонымен бірге, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінде де мұндай зертханалардың болуын ескере келе, бізге тағы да бақылау органы қажет пе деген сұрақ туындайды» деді ол. Кәсіпкерлер бұл сұрақпен толықтай келісті.
Сала маманы Ж.Дүзелбаева өз ретінде сырттан келетін өнімдерді тексеру үшін міндетті түрде лабараториялар орналастырылатынын айтты. Сондай-ақ ол тауарларды нормативтеріне қарай қайта тесеру қажеттілігі туындайтын жағдайларды қоса айтып өтті.
Жұмыс тобының шешімімін, мәселенің өзектілігіне байланысты аталмыш сұрақ Атамекен ҰКП-на жолданатын болады.

БӨЛІСУ