КИБЕРБУЛЛИНГ ЖӘНЕ БУЛЛИНГ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу мақсатында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Кибербуллинг және буллинг» туралы не білеміз?» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді. Шараға облыстық жастар денсаулық орталығының психолог-маманы Еркебұлан Әбсамат және колледж психологы Жанат Уалибекқызы қатысты.
Облыстық жастар денсаулық орталығының психолог-маманы Еркебұлан Әбсамат студенттерге Кибербуллинг — интернетте немесе цифрлық технологияларды пайдаланып жасалатын буллингтің түрі. Ол адамдарды мазақтау, қорлау, жалған ақпарат тарату немесе зорлық-зомбылық көрсету арқылы жүзеге асырылатынын түсіндірді.
Құқықтық сағат барысында студенттер кибербуллинг, буллинг терминдеріннің мағынасын ашу мақсатында шағын қойылымдар қойды. Колледж психологы Жанат Уалибекқызы кибербуллингтің алдын алу үшін: Ашық қарым-қатынас; Цифрлық сауаттылық; Құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін баса айтты. Шара соңында студенттермен бірге тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар студенттер сұрақтар қойып, сала мамандарымен пікір алмасты.

БӨЛІСУ