Денсаулық сақтау министрлігі медицина кадрларының тапшылығын шешу жолдарының бірі ретінде медициналық ЖОО-лардың түлектерін бөлу тетігін тиімдірек етуді ұсынады.
«Қазіргі уақытта медициналық ЖОО-лар түлектерінің үштен біріне жуығы бөлу бойынша жұмыс істемейді, негізінен жұмысқа орналасу үшін жеке медициналық ұйымдарды артық көреді. Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде кадрларды даярлау мен жергілікті бюджет қаражатының есебінен кадрларды даярлаудың арасында үйлесімділік жоқ (ЖАО гранттары), бұл медицина кадрларын тиімді жоспарлауға әсер етеді, мамандардың жергілікті жерге жетуі бойынша мониторинг те әлсіз жүргізілуде»,-деп атап өтті Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев өз сөзінде Абай облысындағы Парламент Сенатының көшпелі отырысында.
Жағдайды өзгерту үшін пәрменді шаралар ретінде Денсаулық сақтау министрлігі кадрлармен қамтамасыз етуде нақты үйлестіруді белгілеу қажет болған жағдайда жас мамандарды жұмысқа дербес бөлуді уәкілетті органның деңгейіне қайтаруды ұсынады.