«Сыр өңірінің киелі орындары мен ислам құндылықтарының әдеби-танымдық ерекшеліктері» атты монография оқырманға жол тартты
Қорқыт ата атындағы Қызылорда универитетінде 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге асырылып жатқан АР14870690 «Сыр өңірінің киелі орындары мен ислам құндылықтарының әдеби-танымдық ерекшеліктері» жобасы аясында оның қорытынды жұмысы – монография оқырманымен қауышты.
«Сыр өңірінің киелі орындары мен ислам құндылықтарының әдеби-танымдық ерекшеліктері» деп аталатын еңбек авторлары, ғалымдар Гүлзира Оралова, Ұлжан Жанбершиева, Жайна Сыдықова және Айдынгүл Тулебаева.
Жиынға Гуманитарлық-педагогикалық институтының профессор-оқытушылары, білім алушылар және монография авторлары қатысты.
Ғылыми еңбекте Сыр өңіріндегі киелі орындарға байланысты аңыз-әпсаналардың шығуына ислам мәдениетінің ықпалы, тарихи үдерістегі маңызы талданған. Монография қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы ғалымдар мен оқытушыларға, Сыр өңірінің тарихына, мәдениетіне қызығушылық танытқан тұлғаларға, әдебиет сүйер жалпы көпшілік оқырманға арналған.