Ағымдағы жылдың 30 қазанында қалалық қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

Кеңес төрағасы С.Ә.Дүйсенбаевтің төрағалығымен жүгізілген отырыс қоғамдық кеңес мүшелері, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты 2 мәселе қаралды.
Атап айтқанда, Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, Тасбөгет кенті әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылдың 3-тоқсанында атқарылған жұмыстары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, жетілдіру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар бойынша Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Әжібеков пен Тасбөгет кенті әкімі А.Тыныштықбай баяндама жасады.
Кеңес отырысына қатысқан Департаменттің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов мемлекеттік органдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақытылы көрсету, қызмет көрсету тәртібін сақтау бойынша бірнеше ұсыныстар берді.
Кездесу барысында кеңес мүшелері тарапынан түрлі сауалдар қойылып, ұсыныс пікірлер айтылды.

БӨЛІСУ