Бүгінде аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі бірқатар саябақ, сквер, алаңдар, орталық көшелердің бойы абаттандырылып, жаңаша кейіпке енуде. Биыл қайта жаңғыртудан өтіп абаттандырылған орындардың бірі – теміржол вокзалы алдындағы Әйтеке би алаңы.

Мұндағы абаттандыру жұмыстары мамыр айының басында басталған болатын. Қазіргі таңда алаңдағы жаяу жүргіншілер жолы толықтай жаңартылып, түнгі жарықшамдар орнатылып, гүлдер мен көгал егу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жаңа үлгідегі орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатылып, аркалар жаңартылып, безендіру жұмыстары жүргізілді.

Теміржол вокзалы ауданның бас қақпасы болғандықтан күнделікті мұнда аудан тұрғындарынан бөлек мыңдаған қонақтар мен жолаушылар тұрақтайды. Сондықтан вокзал алдындағы бұл орын алдағы уақытта қазалылықтар мен қонақтардың серуендеп, демалатын орталығына айналмақ.

Айта кетейік, Әйтеке би алаңының абаттандыру жұмыстарымен мердігер мекеме «Сенім-Табиғат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысты.

БӨЛІСУ