«Құқық бұзушылықтың алдын алу» құқықтық сағаты өтті.

Құқықтық сауаттылық – заңды сақтауға және қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлес қосуға бағытталған маңызды құндылық. Құқық бұзушылықтың салдары мен оған жауапкершілік жайлы білім әр азамат үшін қажет.

Осы мақсатта М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Информатика және ақпараттық жүйе» бөлімі ИИ-21 тобының ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты құқықтық сағат өтті. Қызылорда қалалық полиция департаментінің инспекторы Сәбит Алдоңғаров арнайы келіп, студенттерге құқық бұзушылықтың қоғамға тигізер зияны мен жауапкершілігі туралы кеңес берді.

Кездесу барысында инспектор Сәбит Алдоңғаров құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы, тәртіп бұзушылықтардың салдары туралы нақты мысалдармен бөлісіп, заңды сақтаудың қажеттілігін атап өтті. Құқықтық сауаттылық – қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сарқылмас қазына.

БӨЛІСУ