М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде топ жетекшілері мен білім алушылардың қарым-қатынасын оңтайландыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдері бойынша «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің топ жетекшісі Абзал Ақшалов «Топ жетекшілер мен білім алушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату» тақырыбында арнайы шеберлік сабағын өтті.

Мақсаты: Өзін және қоршаған әлемді оң қабылдауды қалыптастыру, өзіне және айналасындағыларға мейірімді және қамқор қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Тренинг барысы:
Сәлемдесу, ашық байланыс орнату;
Оқу мақсаттарын бірлесіп белгілеу;
Менторлық және коучинг;
Командалық рух қалыптастыру;
Оқу ортасын құру;
Кері байланыс мәдениетін қалыптастыру;
Инновация мен шығармашылықты қолдау кезеңдерінен тұрды.
Шеберлік сабағында «Түстер сыры» әдісі, «Танысу» жаттығуы, «Әріптер сөйлесін» тренингі, «Лабиринт», «Мимика» жаттығулары практикалық тұрғыда орындалды. Сергіту сәттерінде қолдану мен оның тиімділігі түсіндірілді.

Шеберлік сабағы өте қызықты, әсерлі де ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқытушылардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік берді. Шара соңында оқытушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, керемет көңіл-күйде ыстық ықыластарын білдірді.

БӨЛІСУ