Республика күнін мерекелеу қарсаңында бүгін сол жағалаудан бой көтерген Оқушылар сарайында басқарманың ұйымдастыруымен «ТӘУЕЛСІЗДІГІМ – ТҰҒЫРЫМ» тақырыбында оқушылар арасындағы ақындар айтысының облыстық кезеңі басталды.

Айтыстың ашылуына басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы қатысып, ұлттық құндылығымыздың ажырамас бөлшегі болған айтыс өнерінің маңыздылығын түсіндіріп, кейінгі ұрпаққа берер тағылымын атап айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени – ағартушылық жобасы аясында басталған ақындар айтысы – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің кіші отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға, ақындардың дәстүрлерін лайықты жалғастыруға мүмкіндік беретін кең ауқымды республикалық акция.

Сайысқа жалпы орта білім беру ұйымдарынан 1158 оқушы қамтылды. Облыстық кезеңде 8 ақын бақ сынасуда. Олар «Ақындар айтысы» сайысының қалалық, аудандық кезеңінің жеңімпаздары. Ақындар айтысын ұйымдастырудағы мақсат – ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.

Бүгінгі шараға мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын, жырау Рахметов Айдос Сәндібекұлы, ақын, ұстаз Әбді Ержеңіс Тастыбайұлы, облыстық білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Досаев Фархат Лиясұлы айтысқа қазылық жасауда.

БӨЛІСУ