Аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің 90 жылдығына орай жарыққа шыққан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, ардагер-журналист Серік Бертаевтың «Жалағаштың сырлы шежіресі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тағылымды іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов пен ардагер-қаламгерлер, «Жалағаш жаршысы» газетінің ұжымы және шығармашылық өкілдері қатысты.

Аудандағы халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын «Жалағаш жаршысы» газетінің 90 жылдығына орай жарық көрген «Жалағаштың сырлы шежіресі» атты кітаптың бағыт-бағдары айқын. Жаңа туынды 4 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі «Кеңес дәуіріндегі аудандық газеттің рөлі», екінші бөлімі «Жалағаш жаршысы» – Тәуелсіздік жылдарында», үшінші бөлімі «Сыр медиа» серпін берді», төртінші бөлім «Жыр арқауы – Жалағаш жаршысы» деп аталады.

БӨЛІСУ