Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен болды. Онда партия активімен кездесіп, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы қызметіне Ақжігітов Ғалымжан Амангелдіұлын тағайындады.

Филиал төрағасы аудандық филиалының бұрынғы Атқарушы хатшысықызметін атқарған Буханов Дастан Әбдібекұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, осы кезеңге дейін атқарған қызметіне ризашылығын білдіріп, партия филиалының алғыс хатын тапсырды.

Айта кету керек, Ақжігітов Ғалымжан Амангелдіұлы 2003 жылы Орта Азия университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Толағай» акционерлік қоғамында жөндеуші болып бастаған.

2007-2008 жылдары Қармақшы ауданы әкімі аппаратында түрлі қызметтер атқарған;

2008-2012 жылдары Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, бухгалтерлік есеп жүргiзу, жоспарлау, құқық, кадр жұмысы, ұйымдастыру және әлеуметтiк әрiптестiк секторының әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi бас маманы;

2012-2017 жылдары «Қармақшы ауданының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

2017-2020 жылдары Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев атындағы ауылдық округі әкімі;

2020-2024 жылдары Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.2005 жылдан бастап «АМАNАТ» партиясының мүшесі.

БӨЛІСУ