Бүгін Қызылорда облысының прокуратурасында 25 қазан-Республика күні аталып өтілді. Ұлттық мерекеге орай салтанатты шара ұйымдастырылды.
Шарада сөз алған облыс прокуроры Ризабек Ожаров сала қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
«Бұл күн Егемен елдің еңсесін тіктеуге үлес қосқан бабалар рухына тағзым ететін, мемлекеттік дамуына еселі еңбек еткен бүгінгі ұрпаққа алғыс білдіретін маңызды мереке. Ел тұрғындарының азаматтық құқығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету бұл біздерге артылған зор жауапкерішілік. Сіздерге қызметтеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!» – деп ізгі лебізін білдірді.
Жиында жемісті еңбек етіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізген бірқатар прокурорлар марапатталды.
Мереке соңы ұлттық спорт түрлеріне жалғасып, жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.