Қызылорда облысының прокуроры кәсіпкерлерге жеке қабылдау жүргізді.

Бүгін Қызылорда облысының прокуратурасында кәсіпкерлерге арналған ашық есік күні өтті.

Аталған шараға облыс прокуроры, облыс әкімінің орынбасары және жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.

Кезекті өткізілген ашық есік күніне 20-ға жуық бизнес өкілдері кәсіпкерлік саласында туындап жатқан проблемалық мәселелері мен кедергілерін айтып, оң шешімін табу үшін бүгінгі шараға арнайы келгендерін жеткізді.

Мысалы, «AKSA Energy Qyzylorda» ЖШС-ның өкілі «Жасыл дәліз» жобасына тоқталса, басқа кәсіпкерлер жер, жеңілдетілген несие алу, салық, мемлекеттік сатып алу саласы және уәкілетті органдардың тексерістеріне қатысты мәселелерді көтерді.

Облыс прокуроры аталған инвестициялық жобаның дер кезінде жүзеге асуына тиісті атқарушы органдарға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды.

Облыс прокурорының төрағалығымен кәсіпкерлерге арналған «Ашық есік» күні жыл басынан бері жүйелі түрде өткізілуде.

БӨЛІСУ