Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізді. Алдымен, аудан басшысы Жосалы кентіндегі білім беру мекемелеріндегі жылу беру маусымының өту барысын тексерді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, мектеп аумағында орналасқан ескі ғимараттарды сүру, тозығы жеткен ойын алаңдарын жаңғырту, мектеп аумағын барлық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету және соңғы жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандарға қатысты мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді. Жұмыстар барысында анықталған ақауларды жою талап етілді.
Одан кейін аудан әкімі әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарын аралап, құрылыс сапасын мұқият бақылау қажеттігін және жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды сала басшыларына тапсырды. Сонымен қатар, сапа стандарттарын сақтау маңыздылығын ерекше атап өтті.