Қызылордада 72 жастағы ақсақал некесін қидырды.

Биыл облыста 60 жастан асқан 23 отбасы неке куәлігін алып отыр. Есенбай мен Құлбике Тәшкенбаевтар араға 25 жыл өткен соң заңды некеге тұрған. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, күнделікті қарбалас күндермен АХАТ-қа өтініш беруді кейінге қалдырып келген.

Осы жылы ғана қарым-қатынасымызды ресми тіркеуге қол жетті. Өтінішті онлайн режимінде бердік. Онлайн түрде өзіміз жасай алмас едік, бізге немерелеріміз көмектесті. Осылайша, енді қазір қолымызда неке қию туралы куәлігіміз бар, – дейді Есенбай Тәшкенбаев.

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалының ресми деректеріне сәйкес, жыл басынан бері өңірде 3 224 отбасы некесін қидырған. Олардың басым көпшілігі – 25 пен 34 жас аралығындағылар. Сонымен қатар, биыл 60 жастан асқан 23 отбасы заңды некеге тұрыпты. Ал өткен жылы некесін қидырған зейнет жасындағы азаматтардың саны 15 болып отыр.

БӨЛІСУ