Екі мемлекет Үкімет басшыларының қатысуымен Самарқанд қаласында Қазақстан-Өзбекстан IV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті.

Айта кетсек соңғы 5 жылда Қызылорда облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда айналымы 105 млн АҚШ долл құрады.
2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында жалпы сауда айналымы 7,7 млн. АҚШ долларын құрады

Іссапардың алғашқы күні делегация өкілдері «АзияМеталлПроф» және «Агромир» компанияларының жұмыстарымен танысты. «АзияМеталлПроф» жылына қуаттылығы 300 мың тонна цинкталған металл өндіретін зауыт. «Агромир» шырын өндіретін өзбекстандық ірі зауыттардың бірі. Ауданы 10 мың ға алма бағында алма өсіруден бастап, қаптауға дейін негізгі 4 цехы жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасар Д. Жаналинов
Бұқара, Навои және Андижан облыстарының әкімдіктерімен екіжақты кездесулер өткізіп, өзара сауда, қолөнер, мәдениет және өнеркәсіп салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді.

22 қазан күні «Қазақстан-Өзбекстан» форумының ресми ашылуы аясында Қызылорда облысының әкімдігі мен аталған өзбекстандық 3 облыс әкімдіктері арасында өзара ынтымақсатық орнату бойынша келісімге қол қойылды.

Аталған келісімдер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға, өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.

БӨЛІСУ