Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Б.Шәменованың төрағалығымен комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары тікелей және ZOOM бейне-конференц байланысы арқылы, сондай-ақ, тиісті басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды.
Комиссия отырысында алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.Искаков саладағы 2023 жылғы және 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша және облыстық мәслихат депутаты Н.Әмитов комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, облыс бойынша денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі таңдағы жағдайы мен мәселелеріне қатысты атқарылған шаралар жөнінде баяндама жасады.
Баяндамалардан соң, мәслихат депутаттары Ж. Ысқақ, Ж. Нұрымбетов, Г. Мұсаева, С. Мұстафа, Ә. Шаймағамбетов, Н. Әмитов, Е. Искендер және ZOOM бейне-конференц байланысы арқылы Е. Қалиев пен І.Тілеп бірқатар мәселелерді көтеріп, бюджетті жоспарлаудағы өзекті мәселелер мен оның орындалу маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Ф.Аббасова депутаттар Ж.Ысқақ, М.Нәлібаев, С.Мұстафа, Ә.Шаймағамбетов, М.Ниязов, Н.Әмитов, Г.Мұсаева, А.Абибуллаеваның ұсыныс-пікірлеріне қатысты тиістер жауаптарын берді.
Одан бөлек, облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Е.Бәкіров пен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М. Қазбекова күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарлама жасады.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныстары ескеріліп, шешім жобасы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына ұсынылды.