Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан тұрғындарын кезектілікке сәйкес жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Аудан басшысы алдымен А.Тоқмағамбетов ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі жанның үйіне барып мәселесін тыңдады. Жұмыссыздық мәселесіне қатысты заңдылықтар негізінде жауап беріп, тиісті сала басшысына назарда ұстауды тапсырды.
Мұнан бөлек, аудан әкімдігіне қабылдауға келген тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша жүгінді.
Қабылдауда көтерілген жеке мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.