Бүгін, 19 қазан – құтқарушылар күніне орай аудан әкімі Жандос Еркінбек сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

— Сіздер өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нәтижелі қызмет атқарып келесіздер. 2024 жылдың 9 айында ауданымызда төтенше жағдайлар саны 22%-ға азайған, өрт қауіпсіздігі мен суда орын алған оқиғалар бойынша да оң нәтижелер бар. Бұл тиісті сала қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетеді. Бүгінгі төл мерекелеріңізде Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! — деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, азаматтарды құтқару қызметінде табысты еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандарын марапаттады.

Одан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ізгі лебізін білдіріп, батасын берді.

Шара барысында аудан басшысы штаб жұмысымен және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің материалдық-техникалық базасымен танысты.

БӨЛІСУ