Бүгін Жаңақорған ауданында «Алтын дән – 2024» мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Аудан жұртшылығының игілігіне бағытталған шараға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов арнайы қатысып, Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың атынан аудан халқын береке мен молшылық мерекесімен құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Бұдан кейін табысқа жеткен озаттарға марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кету керек, жәрмеңкеге ауданның ауылдық округтерінен 15 тонна күріш, ұн өнімдері, 40 тонна бақша өнімдері, 53 тонна көкөніс өнімдері кент тұрғындарына нарық бағамынан 15-20 пайыз төмен бағада ұсынылды.
Таңертеңнен жәрмеңкеге ағылған жергілікті тұрғындар аталмыш шараның халық үшін өте қолайлы әрі бағасының тиімді екендігін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.