Аумақтық қорғаныс бригадасымен 9-18 қазан аралығында «Найза – 2024»
арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Аумақтық қорғаныс бригадасының арнайы-тактикалық оқу-жаттығуына қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамындағы әскери міндеттілер жұмылдырылған.
Кәсіби әскери нұсқаушылардың жетекшілігімен олар теориялық және практикалық тұрғыда оқытудан өтті. Әскери міндеттілер әскерде алған мамандығы бойынша дағдыларын нығайтып, қару-жарақ және техникамен жұмыс жасауды қайта жетілдірілді. Әскери міндеттілермен атыс сабақтары өткізіліп, жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің жаңа тактикалық әдістері мен тәсілдері талданды.
Оқу-әдістемелік сабақтар кезең-кезеңмен өткізіліп, іс-шаралар тактикалық және арнайы жаттығумен аяқталды.
Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Жаналинов пен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтың әскерлер қолбасшысы генарал-майор К. Үштаев қатысып өз пікілерімен бөлісті.
Д. Жаналинов аумақтық қорғаныс бригадасын материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жылдан жылға ұлғая беретінін айтып, бұл құрылымға үлкен жауапкершіктің жүктелгенін жеткізді.
Сонымен қатар, К. Үштаев өткізілген арнайы-тактикалық оқу-жаттығу әскери міндеттілердің кәсібилігін машықтап, Отан қорғау жолында барлық мүмкіндікті пайдалануға болатынын және оқу-жаттығу өз мақсатына жеткендігін айтты.
Аумақтық қорғаныс бригадасын нығайту жұмыстары жалғасатын болады.

БӨЛІСУ